Бельгиядан әкелінген 19 тоннадан аса алмұртты Қазақстанға кіргізуге рұқсат берілмеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, 19 тоннадан аса алмұрт фитосанитария сертификаты болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылған.
Маңғыстау облысының Құрық портына Бельгия корольдігінен жалпы салмағы 19,2 тонна алмұрт партиясы жеткізілген. Құжатты тексеру барысында өнім Қазақстан аумағына фитосанитария сертификатынсыз әкелінгені анықталған.
"Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнімді экспорттаушы ел Бельгияға қайтару туралы акт ресімделді", - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламасында.
