94 жасқа қараған шағында белгілі педагог, Қазақстанның білім саласына еңбек сіңірген қайраткері Клара Зорина дүниеден өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақтау қалалық мәслихаты мен қала әкімдігі Клара Зоринаның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Клара Зорина 1933 жылы дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, бүкіл өмірін білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған.
Оның шәкірттерінің бірі – кейін қазақтың көрнекті ақыны атанған Фариза Оңғарсынова.
Атырау өңірінен Ақтауға қоныс аударғаннан кейін де Клара Зорина педагогикалық қызметін жалғастырып, Маңғыстау облысының білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты.
Ұзақ жылғы еңбек жолында ол шәкірттері мен әріптестерінің жүрегінде өшпес із қалдырды.
"Клара Дмитриевнаның жарқын бейнесі шәкірттері, әріптестері, туған-туыстары мен жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.