Бектенов табиғатты ластайтындарға қатаң шара қолдануды тапсырды

Сағыныш Сардарова 25 мау. 2025 11:47

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасын жүзеге асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Премьер-министр "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа, туған жерімізге деген жанашырлық сезімді қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Президент бастамасы бүгінде үлкен қоғамдық қозғалысқа және мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

"Еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге және табиғи байлығымызды сақтауға тұрғындар да барынша атсалысып келеді. Білім ошақтарында "Адал азамат" бірыңғай бағдарламасы аясында балаларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары жүргізіледі. Аталған іске ата-аналар мен ұстаздар қауымы да қатысып жатыр. Мұндай экологиялық мәдениет қазіргі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Тазалық тазартылған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде. Бәріміз осы бір қарапайым ғана қағиданы үнемі жадымызда ұстағанымыз абзал. Әлемнің дамыған елдерінде бұл қалыпты жағдайға айналған. Біз де табиғаттың бір бөлшегіміз, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өскелең ұрпақтың бойында осы қасиеттерді оятуға тиіспіз", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Олжас Бектенов табиғатты ластайтындарға қатаң шара қолдануды тапсырды.

Кінәлілерге айыппұл салынып қана қоймай, ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар