Бекшин мектептер қандай жағдайда жабылатынын айтты

Dalanews 17 там. 2021 11:10 289

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептердің барлығы онлайн білім беру жүйесіне көшірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz-ке сілтеп.

"Егер сыныпта вирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады", – деп түсіндірді Бекшин.

Қаланың бас дәрігері жаңа қаулыда сипатталған жекелеген студенттерді онлайн оқытуға ауыстыру ережелерін түсіндірді.

"Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай мәлімдеме жазады.

Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, олардың баласының шынымен де созылмалы аурулары бар және жұқтыру қаупі жоғары екені нақтыланса, бала үйден оқуға ауыстырылады.  


Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға ауыстырылады”, – деп қосты Бекшин.

Айта кетелік, Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500- ден аса жағдай тұрақты тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді. Тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелген.

https://dalanews.kz/news/66622-sottagy-zhengilis-mamayga-sabaq-boldy?fbclid=IwAR3i29V74hSLsrzti0lcMoWRwaKF8kPsw7rZzW9Yb9lNDoGhWvkGRkxUIXo

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар