Freedom Inside '26

Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылған.

Бекболат Молдабеков 2022 жылдың қараша айынан бері әділет вице-министрі қызметін атқарып келді.

Оған дейін, 2021 жылдың тамызынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары болған.

Ал 2020 жылдың желтоқсанынан бастап аталған министрліктің цифрлық трансформация және цифрлық шешімдер департаментінің директоры қызметін атқарған.

Жаңа вице-министрдің еңбек жолы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, электрондық үкімет жүйесін дамыту және мемлекеттік басқару процестерін жаңғырту бағыттарымен тығыз байланысты.