Бейбіт Исабаев: «Құрылтай Қазақстанның өсіп-өркендеуіне лайықты қызмет етеді деп сенемін»

Бейбіт Исабаев: «Құрылтай Қазақстанның өсіп-өркендеуіне лайықты қызмет етеді деп сенемін»

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан тарихында тұңғыш рет өтіп отырған Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол зайыбымен Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №389 сайлау учаскесіне келді. Өңір басшысы бұл сайлаудың елдің алдағы өсіп-өркендеуіндегі маңызын атап өтті, деп хабарлайды dalanews.kz деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Мен өзімнің Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі конституциялық құқығымды пайдаланып, ел тарихында бірінші рет сайланып отырған Құрылтайдың сайлауына қатып, өз таңдауымды жасадым. Сол арқылы еліміздің болашағына, экономикалық-әлеуметтік дамуына, мемлекеттің қуаттылығы мен тұрақтылығына дауыс бердім. Жаңадан сайланып отырған Құрылтай Қазақстанның өсіп-өркендеуіне лайықты қызмет етеді деп сенемін, - деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, облыстағы сайлаушылардың жалпы саны 443 220 адам, оның 5 503-і алғаш рет дауыс береді. Өңірде 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істейді, оның ішінде 428-і азаматтардың тіркелген жері бойынша, 40-ы қолжетімділігі шектеулі учаскелер, оның ішінде: әскери бөлімдер, уақытша ұстау изоляторлары), стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелері, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бар.

Облыс көлемінде 184 учаскеде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша онлайн-сервис,  5 учаскеде азаматтарды тіркеу бойынша сервис жұмыс істеуде.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруін қамтамасыз етуге сайлау учаскелерінде ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тактильді көрсеткіштер, пандустар, кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушыларға арналған арнайы кең кабиналар, Брайль қарпімен жазылған трафареттер, аудиоматериалдар, құлаққаптар, ұлғайтқыш әйнектер, сондай-ақ зағип және нашар көретін сайлаушыларға арналған бағдарламалық шешімдер орнатылды. 33 «Инватакси» автокөлігі жұмылдырылуда.

Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін 479 комиссия жұмыс істеуде, оның 11-і аумақтық, 468-і учаскелік комиссия. Жалпы, бұл жұмысқа 2 989 комиссия мүшесі қатысып, дауыс беру барысын бақылап, ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруда.

Барлық сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.