"Бәйтеректің" экс-басшысы инвестициялық компанияның директорлар кеңесі құрамына енді

Кәмшат Тілеухан 21 қаз. 2024 13:35 3099

"Бәйтерек" холдингінің бұрынғы басшысы Айдар Әріпханов  Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесі құрамына енді. Бұл туралы мәлімет Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Керісінше, Әлібек Қуантыров директорлар құрамынан шығып қалды.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесі үш адамнан тұрады. Олар - Ғалым Құсайынов, Максим Занкин, Айдар Әріпханов.

49 жастағы Айдар Әріпханов ұлттық вице-министр болған, ал 2017 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейін "Бәйтерек"холдингін басқарған.  Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінен кеткен Әлібек Қуантыров, 2024 жылдың шілде айында Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар