«Күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай мені «диванный аналитик», – депті. Қожасбайдың мұрнына күрес спортының иісі бара ма екен өзі?».
Ал еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай бұл мәлімдемені Шымкентте 26 ақпан күні грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионатының ашылу салтанатында айтқан болатын.
Олимпиаданың күміс жүлдегері И.Байрамуков «Менің шәкіртім – Дауланбаевты құрамадан ысырып тастап, Кахидзені апарды. Мен соны сынадым. Менің азамат ретінде, күрес маманы ретінде сын айтуға құқығым бар. Қожасбай күреске қандай үлес қосты?»,- деп ашуланды.
Балуан: «Негізсіз сөйлеуді қою керек. Мен жастарды баулып жүрмін. Білгенімді үйретуден талмаймын ешқашан. Еркін күрестен түк хабары жоқ Әсет Серікбаевты бапкер етіпті. Әсет мемлекеттік жаттықтырушы болғанымен, тәжірибесі жоқ. Сонда ауылдасы болған соң қойып отыр ма оны? «Тыныш жатқан бүркіттің, артын шұқып үркіттің»- деген сөз бар. Тыныш жүрген кезімде, өздері келіп тиіседі»,- деп өз ойын аяқтады.
https://www.youtube.com/watch?v=7uXZtq9O5Ao