Байдың балаларына грант беруге тыйым салынсын - Ұлттық кеңес мүшесі

Dalanews 27 мам. 2020 08:06 864

Қазақстандағы табысы аса жоғары отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік грант беруге тыйым салу ұсынылды.

Грант үлестіріп жатқанда баланың үлгеріміне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық факторларға да қарау керек, деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

- Үй-ішінің табысы жоғары абитуриенттер грант алмауы керек. Гранттарды табысы төмен отбасылардан шыққан барлық абитуриенттерге 50 балл жинаған жағдайда бере салу керек.

Биыл Ұлыбритания үкіметі Кембридж бен Оксфорд университтеріне балалардың кемінде 7%-ын кедей отбасылардан қабылдауды тапсырды. Әлем өзгеріп жатыр. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін мемлекеттік гранттарды табысы төмен адамдарға бағыттау керек, - деді Асылбек Қожахметов.

Сурет: Forbes.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар