Баталов «Даму» қорының басшысымен кездесті

Dalanews 12 нау. 2020 09:58 632

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының  басқармасының басшысы Гаухар Бөрібаевамен кездесіп, өңірде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін сөз етті.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу барысында өңірде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған, сондай-ақ қордың өңірлік филиалының жаңа басшысы таныстырылды.

Қонақтарды қарсы алып, Амандық Баталов өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың арқасында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 трлн. теңгеден асып түскенін, сонымен қатар ондағы ШОБ үлесі 32%-ды құрағанын хабарлады.

– «Даму» қоры облыста шағын және орта бизнесті дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде. Біз  өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Биылғы жылы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған «Жетісу» өңірлік бағдарламасын бірлесіп іске асыруға бюджеттен 500 млн.теңге бөлінеді, – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.


Өз кезегінде Гауһар Бөрібаева қордың өңірлік филиалының жаңа директоры Тимур Икеевті таныстыра отырып, қордың аймақтағы атқарған жұмыстары туралы айтып, осы саладағы жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қор кеңселері Қарасай, Қаскелең және Талғар аудандарында ашылатынын хабарлады.

Кездесуді қорытындылай келе, Амандық Баталов халықты жұмыспен қамтамасыз ету – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен маңызды бірлескен жұмыс атқаратын маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында ШОБ субъектілерінің саны 122 мыңнан асты. Облыс кәсіпкерлері 11,8 млрд теңгеге мемлекеттік қолдауға ие болды. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 32%-ға дейін жеткізілген.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар