Бас прокурордың орынбасары Шындалиевтің көмекшісі журналистерден қашамын деп шалқасынан құлады

Сағыныш Сардарова 14 нау. 2024 12:23 6825

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев пен Бас прокуратураның Парламенттегі өкілі Мейрамбай Кемалов журналистерден қашамын деп қызық жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға Мәжілісте болды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап кетті. Мейрамбек Кемалов Мәжілісте шалқасынан құлаған.

"-Мен сізді итерген жоқпын. ...Бізде видео бар", - дейді жапа тармағай журналистер.

- Сіз мені итердіңіз, - деді прокуратура өкілі.

Кейін журналистер жауапқа қанағаттанбай, тағы да Шындалиевтен Самат Әбіш туралы сұрайды. БАҚ өкілдерін экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің статусы қазір қандай екені және ол қазір қайда екені қызықтырған.

Шындалиев "сіздерді қызықтырған сұрақтарға жауап бердім", - деп қысқа қайырғанымен, артынша "Өткен жолы айттым ғой. Іс сотта. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану бабы бойынша", - деп жауап берген.

Сонымен қатар, Самаь Әбішке қанша жыл берілуі мүмкін екені де сұралған.

"Қазір есімде емес. Жатқа айта алмаймын ғой", - деп жауап берген ол.

Ал бұған дейін Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында іс сотта қаралып жатқанын, Самат Әбіш Қазақстанда екенін, қалғанын білмейтінін айтқан еді. 

"Ол Қазақстанда. Қалғанын білмеймін.

Елден шықпау туралы қолхаты бар. Қалғанын айта алмаймын. Оны білуге рұқсатым жоқ. Іс сотта қаралып жатыр. Статусы (Самат Әбіштің) сотталушы шығар", - дейді Шындалиев. 

Еске салайық, бұған дейін "Дикий Арман" - Арман Жұмагелдиев қаңтарда Самат Әбіштің қандай бұйрығын орындағаны белгілі болған еді. Бұл туралы Қаңтар оқиғасынан кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған полковник Руслан Ысқақов "Новая Газетаға" айтып берді.

Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасына байланысты өткен сот отырыстарының бірінде ол Самат Әбіштің бұйрығын орындағанын айтты. Әбіштің бұйрығымен Ысқақов Арман Жұмагелдиев – Дикий Арманды бұл іске тартқан көрінеді. Жұмагелдиев қылмыс әлемне қатысы бар және Назарбаевтар әулетінің тапсырмасын орындаушы ретінде белгілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар