Бас прокуратураның Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабындағы мәлімет бойынша, Назарбаевадан сотта жауап алынған жоқ.
"Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбек "ӨКМ операторы" ЖШС-де ақша жымқырғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
А. Назарбаева бұл қылмыстық іске процеске қатысушы ретінде тартылған жоқ және жауап алынған жоқ", - деп хабарлады Бас прокуратура.