Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кеткен адам ауруханадан шықты. Бұл туралы экс-депутат әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Нұржігітті Тараз қалалық көпбейінді ауруханасынан шығардық. Нұржігіт соңғы үш күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, 31-күні аман-сау шығып отыр", - деді ол.
Бұған дейін Бақытжан Базарбек өзі көлікпен қағып кеткен ер адамның жағдайы туралы айтқан еді.
Еске салайық, жол апаты 15 тамызда кешке Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында болған. Көлік тізігінінде Бақытжан Базарбек отырған. Жол апатынан 37 жастағы ер адам зардап шекті.