"Әблязовтың адамдары жоқ деп кім айтады? Оның әсері болмады деп кім айтады? Ол (Әблязов - ред) отанға жат пиғылдағы адам емес пе? Бізге кедергі жасап отырғаны жасырын ба? Егер ана жақта отырып, шақырып отырса, оны желіден көрсетіп отырса?", - деді депутат.
Сондай-ақ, Бақытбек Смағұл халықаралық дүнгендер қауымдастығының мәлімдемесіне жауап берді. Тіпті Қордай ауданы әкімі болуға лайықты адамның аты-жөнін атады. Сонымен қақтығыстың себептері мен салдары, Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты ауылдарындағы әлеуметтік жағдай мен құқық қорғау органдарының қателігі «Азат алаңның» бүгінгі шығарылымында.
https://youtu.be/aRzh-QTKPnE