Аида Балаева қызметін сақтап қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Ол бұл қызметке 2023 жылғы 2 қыркүйекте де тағайындалған еді. Ал бұған дейін Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.
2020-2022 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрі де болды.