Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін әйел жұмыссыздықпен әлеуметтік төлем рәсімдей ала ма?

Сағыныш Сардарова 11 нау. 2026 15:30

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бала 1,5 жасқа толғаннан кейін әйел жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем рәсімдей алатыны туралы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, мұндай хабарламалардың авторлары азаматтарға алты ай бойы төлем алу үшін мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуді ұсынады.

"Бұл схеманың заңды негізі жоқ және ол азаматтарды жаңылыстырады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдің жұмыс орны сақталады, сондықтан ол жұмыссыз деп танылмайды. Жұмыссыз мәртебесі тек нақты жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын адамдарға беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік әлеуметтік төлем алу мақсатында әдейі жалған мәлімет беру алаяқтық ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертті. 

2025 жылы еліміздің 12 өңірінде алаяқтық бойынша 30-дан аса қылмыстық іс қозғалған. Бес өңірде 7 сот үкімі шығарылған. Тергеу барысында азаматтар әлеуметтік желілердегі (соның ішінде Instagram-дағы) жарнамаларға сеніп, әлеуметтік төлемді заңсыз алу схемаларына тартылғаны анықталған.

Министрлік жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove