Бағаны бақылауда ұстауға тырысамыз - үкіметбасы Бектенов

Көркем Алдабергенова 28 қаң. 2025 14:37 926

Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елімізде бағаны реттеуді (дерегуляция) кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның айтуынша, бұл өзгерістер жанар-жағармай (ЖЖМ), газ, коммуналдық қызметтер мен теміржол тасымалы салаларын қамтиды.

“Үкімет жанар-жағармай мен газға, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және теміржол тарифтеріне бағаны біртіндеп ырықтандыруда. Нарықтық бағаға жайлы өтудің арқасында осы салаларға қажетті инвестициялар тартылып, жанар-жағармай тапшылығының алдын алуға болады. Дегенмен күрт баға өсіміне жол бермеуге тырысамыз”, – деді Бектенов.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы баға саясатының біртіндеп либерализациялануы – инфрақұрылымдық жобалар мен энергетика секторына жеке инвестицияларды тарту үшін жасалған маңызды қадам. Ал Үкімет халықтың әлеуметтік жағдайына теріс әсер етпес үшін баға өсімін “барынша бақылауда ұстайтынын” атап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар