Бағанашылдағы даудан кейін білім басқармасының басшысы тағайындалды

Сағыныш Сардарова 25 там. 2025 16:38

Бағанашылдағы даудан кейін Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арайлым Төлеубекова 21 тамыздан бастап Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол 1977 жылы дүниеге келген, 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, 2015 жылы Алматы университетін, 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған, 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Іле ауданы Рахат ауылының №20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған.

2025 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар