Баға төмендеді: JAC автокөліктері енді 5,99 млн теңгеден басталады

Баға төмендеді: JAC автокөліктері енді 5,99 млн теңгеден басталады

JAC маркасының 2025 жылғы автокөліктері енді небәрі 5 990 000 теңгеден бастап сатылып жатыр. Компания бүкіл модельдік қатар бойынша бағаны айтарлықтай төмендеткенін мәлімдеді. Жаңартылған баға саясаты бұл ұсынысты Қазақстан нарығындағы ең қолжетімді нұсқалардың біріне айналдырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңартылған прайс-листке сәйкес, автокөліктердің бағасы төмендегідей:

  • S3 Pro — 5 990 000 теңгеден;
  • J7 — 6 490 000 теңгеден;
  • JS4 — 6 690 000 теңгеден;
  • J7 PLUS — 7 990 000 теңгеден;
  • JS8 (7 орындық) — 9 990 000 теңгеден.

Баға барлық модельдік қатарға — седандар мен кроссоверлерге бірдей қайта қаралған. Бұл JAC автокөліктері қалалық жүріске де, ұзақ сапарларға да лайық кең таңдауды ұсынады.

Компания өкілдерінің айтуынша, нарықта қолжетімді әрі технологиялық көліктерге сұраныс артып келеді.

"Сол себепті бағаны едәуір төмендету туралы шешім қабылдадық. Енді жаңа автокөлікті мүмкіндігінше көп адам сатып ала алады", – деді компаниядағылар.

Жаңа ұсыныс 2025 және 2026 жылы шығарылған автокөліктерге қатысты және шектеулі мерзімге ғана жарамды.

JAC — жаңа автокөлік арман емес, шынайы мүмкіндік. Ал технология — әркімге қолжетімді.

JAC туралы

JAC Motors — 60 жылдан астам тарихы бар қытайлық автокөлік өндірушісі. Жылдық өндірістік қуаты 1 миллионнан аса көлік шығаруға жетеді. Компания Қытай, Италия және Жапонияда зерттеу жұмыстарын жүргізеді, өнімдерін 132 елге экспорттайды және жеңіл автокөліктерден бастап электробустарға дейінгі кең ауқымды техника шығарады.

Қазақстанда JAC бренді 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол елдегі ірі автонарық ойыншысы — Allur компаниялар тобының құрамында. Осы уақыттан бері елімізде автокөліктерді жергілікті құрастыру мен тарату жолға қойылған. Allur зауыты — Қазақстандағы автокөлік өндірісінің толық циклін жүзеге асыратын бірегей кәсіпорын.