Іс-шара қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Алматы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті.
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде белсенді азаматтық қоғамдастықсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою туралы айтудың мағынасы жоқ екенін атап өтті.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болады, – деді Ержан Бабақұмаров.
Конференция барысында Алматыда 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс талқыланды және қорытындыланды.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және қоғам арасында парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін ілгерілету – бүгінде ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.
«Сондай-ақ, осы мақсатқа жету үшін азаматтық қоғамның қатысуы қажет екенін түсіну өте маңызды» деді Мұрат Ахметов.
Конференция аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосқан қаланың қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Алматы әкімінің атынан грамоталарды қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров тапсырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының атынан – Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов тапсырды.
Ержан Бабақұмаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.
– Қоғам қайраткерлерінің рөлі өте маңызды, өйткені олар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін таратуға және қалыптастыруға өз үлестерін қосуда, – деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.
Өз кезегінде, Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлық күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс екенін, ол қандай да бір дәрежеде барлығына әсер ететінін айтты. Осыған байланысты, қоғамшылдардың көмегі баға жетпес.
Almaty TV телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев, «Алматы – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Сәбитова, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ. Токушев және басқа да жұртшылық өкілдері ерекше үлесі мен белсенді қызметі үшін марапатталды.