Әзірбайжан әскерінің күшеюіне Израиль қатты көмектескен

Dalanews 26 қаз. 2023 10:05 1280

Associated Press ақпараттық агенттігі сенсациялық жаңалықты жария етті. Агенттің Израиль Әзірбайжанға Таулы Қарабақты қайтаруға барынша көмектескен алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz..

AP журналистерінің хабарлауынша, Әзірбайжан қарулы күштері Таулы Қарабақты басып алуға ұзақ жыл дайындалған кезеңінде израильдік серіктестерінен үлкен көлемдегі қару-жарақ сатып алған.

Агенттіктің тілшілері әскери сарапшылармен сұхбаттасып, 2016-2020 жылдары Израильдің Әзірбайжанға әскери қарау-жарақ экспоры ресми Бакуге импортталған қару-жарақтың 70%-ын құрағанын алға тартты. Осылайша Әзірбайжан Израильмен әскери-техникалық байланысты барынша күшейтіп, Армениямен арадағы соғыста үлкен артықшылыққа ие болған. Нәтижесінде олар өздеріне тиесілі аумақты толықтай қайтарып алды.

Бұл – Израильдің Кавказ елін қаруландыруға бірінші рет белсенді араласуы емес.

2008 жылы Оңтүстік Осетия мен Грузияның арасындағы қақтығысқа дейін Израиль грузин армиясын бірақ қару-жарақпен қамтамасыз еткен болатын. Нақтырақ айтсақ, еврейлер грузиндердің бронетранспортерлері мен Т-72 танктерін Израильде жасалған оптика мен сапалы беренмен күшейткені есімізде.


Сонымен қатар, грузиндердің Су-25 шабуылдау ұшақтары мен ескі кеңестік тікұшақтарын израильдік электроникамен жабдықтап бергенін де білеміз.

Әдетте Израиль АҚШ  қолдайтын елдердің әскерін қажетті құрал-жабдықпен және қару-жарақпен қамтамасыз ететін американдық прокси жеткізуші ретінде де танмал. Осылайша Израиль көп жылдан бері Вашингтонның көлеңкеде қалуына мүмкіндік жасап келеді.

Associated Press материалы Әзірбайжанның Қарабақты қайтарудың Ақ үйде келіскенін жанама түрде растайды. Өйткені соғыс кезінде Құрама Штаттардың барынша ұстамды болғанын білеміз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар