Айлығы 300 мың теңге, бірақ 100 млн теңгеге пәтер алды: салық органдары тексеруі мүмкін

Айлығы 300 мың теңге, бірақ 100 млн теңгеге пәтер алды: салық органдары тексеруі мүмкін
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда азаматтардың табысы мен шығысын салыстыратын Smart Data Finance жүйесі жұмыс істейді. Егер адамның ресми табысы мен сатып алған мүлкі арасында үлкен айырмашылық байқалса, салық органдары қаражаттың қайдан келгенін сұратуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді. Оның айтуынша, салық органдары қазақстандықтардың банк аударымдарын еркін бақыламайды. Алайда арнайы ақпараттық жүйе әртүрлі мемлекеттік дерекқорлардан мәлімет жинап, азаматтардың табысы мен шығысын салыстыруға мүмкіндік береді.

Smart Data Finance жүйесіне 80-ге жуық дереккөзден ақпарат түседі. Оның ішінде жылжымайтын мүлік, автокөлік, жер телімдері және басқа да мүлік туралы мәліметтер бар. Салық қызметі бұл деректерді Азаматтардың ресми табысы туралы ақпаратпен салыстырады.

Мысалы, азамат ай сайын 300 мың теңге жалақы алатынын көрсетіп, басқа табыс көздерін декларацияламаса, бірақ 100 млн теңге тұратын пәтер немесе бірнеше қымбат көлік сатып алса, жүйе мұндай сәйкессіздікті анықтай алады.

Мұндай жағдайда салық органдары азаматтан қаражаттың шығу тегін түсіндіруді сұрауға құқылы. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Биыл ірі техникалық ақаулар тіркелмеген.

Ал егер ақпараттық жүйедегі ақау ауыр салдарға әкелсе, оған жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуі мүмкін.