Алматыда 9 қазаннан бастап жылу беріледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ауа температурасы күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданған. 9 қазаннан бастап қалада орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады.
Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға - балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі.
"Тұрғын үйлерді орталық жылуға қосуды 10 қазанда бастау жоспарланған. Жылу үйге берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары ішкі жылу жүйелерін реттейді. Олар радиаторлар мен тікқұбырлардағы ауаны шығарып, қысымды ретке келтіреді", - деп жазылған хабарламада.
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын аяқтаған.