Кездесуге бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті, облыстық статистика департаменті мен ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық тұрақтандыру қоры басшылары, сондай-ақ Түркістан қаласындағы ірі сауда маркеттері мен көтерме сауда базарларының басшылары қатысты. Басқосуда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг барысы мен баға өсімін алдын алуға қарсы бағытталған шараларды іске асыру жұмыстары талқыланды.
Облыс әкімдігімен қабылданған Қағида талаптары мен кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлардың тиімді жақтары жан-жақты түсіндірілді. Облыс тұрғындары үшін маңыздысы, сауда орындары басшыларымен өзара түсіністік жағдайында бірлескен шараларды атқару жөнінде нақты шешім қабылданды. Демек, алдағы уақытта барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы толық облыстық әкімдіктің бақылауында болады.
Айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» №256 қаулысы бекітілген болатын.
Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі