Азат Сарпеков ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 05 мау. 2025 09:21

Азат Сарпеков ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Азат Толқынұлы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Аппарат басшысының міндетін атқарушы қызметіне кірісті.

Еңбек жолын 2009 жылы Семей қаласындағы "Электротехника колледжінде" өндірістік оқу шебері ретінде бастаған ол кейін аталған оқу орнында шеберхана меңгерушісі, директордың орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылы "Nur Otan" партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. Одан кейін "Теплокоммунэнерго" ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры ретінде коммуналдық секторда еңбек етті.

2022-2023 жылдары Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары ретінде қалалық басқару жүйесінде жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Сәтқалиевтің төртінші орынбасары тағайындалғанын жазғанбыз. Бұл лауазымға бұған дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған Василий Лавренов келген болатын.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар