Банктер мобильді аударымдар туралы алғашқы деректерді салық органдарына жібере бастайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
15 сәуірге дейін банктер қазақстандықтардың мобильді аударымдары бойынша бірінші тоқсан қорытындысын салық органдарына ұсынады.
Алайда бақылауға барлық аударым ілікпейді. Тек үш шарт қатар орындалған жағдайда назарға алынады:
- бір адамға 100 және одан көп түрлі тұлғадан ақша түсуі;
- бұл аударымдардың үш ай қатарынан жалғасуы;
- жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асуы.
Осы талаптар толық сәйкес келгенде ғана азамат салық органдарының бақылауына түсуі мүмкін.
Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай жағдай шоттардың бірден бұғатталатынын білдірмейтінін атап өтті. Шектеулер тек жіберілген ескертулер орындалмаған кезде енгізіледі.
Аударымдар жеке сипатта болса, азамат оны дәлелдей алады.
