Алайда бұған бағынудан өзге амалы жоқ. Себебі съезд шешімі сондай.
Әлібаев пікірінше қазіргі жүйемен үзеңгі қағыстыру мүмкін емес. Билік дауысты тартып алудан тайынбайды. Өлсе де орнын босатпайды. Оппозицияның тұқымын тұздай құртуды көздейді. ЖСДП-дан өзге саяси партиялардың барлығы қуыршақ.
“Адалдың” аты затына сай емес. Асығыс-үсігіс атауын өзгерткен коммунистер де билік жобасы. Осының бәрін халықтың көзін бақырайтып қойып жүзеге асырды. Ұят қайда, ұят?
Билік сайлаудың сценарийнің әлдеқашан әзірлеп қойған. Кімге қандай пайыз, қанша орын берілетіні күні бұрын белгіленген.
Дауыс ұрлау бүгінгі жүйе үшін қалыпты үрдіс. Сайлау нәтижесі биліктің ұшар басындағы ат төбеліндей топқа жұмбақ емес. Жұртты жынды қылып отыр.
Өз басым бойкот дегенге жан-тәніммен қарсымын. Алайда амал қайсы, бұл партияда жалғыз менің даусым ештеңе шешпейді.
Көпшілік бар, көптің сөзі бар. Олардан асып кете алмаймын. Жағдайды қабылдаудан өзге жол жоқ. Қайталап айтайын, бойкотты құптамаймын, алайда съезде қабылданған ортақ шешімді қабылдаймын”, – деді Әлібаев.
Айта кетелік бұған дейін ЖСДП-ның сайлауға қатыспайтынын хабарлағанбыз. Бұған қоса партия мүшелері сайлау науқанын бақылаудан да бас тартты.
Партия төрағасы мұны биліктің ЖСДП-ны пайдаланып, сайлаушылардың санын көбейткісі келетінімен түсіндірді.