Айнұр Тұрсынбаев: «Орамалды «теріс діни ағымға түскендер тағады» деген ой қате»

Dalanews 07 мау. 2019 04:27 984

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаев желідегі парақшасына орамалдың әйел заты үшін қаншалықты маңызды екені жайындағы жазба қалдырыпты. Әжесінің орамалға деген құрметін айтқан Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелінің көркі болған орамалды «теріс діни ағымға түскендер тағады» деп ойлайтындарға ой салу үшін жазған, – дейді stan.kz сайты.

– Менің ойымша орамал әйел затына ерекше нәзіктік сыйлайды. Өз басым орамал жараспайтын әйелді көрмедім. Апам марқұмның жалаңбас жүргенін көрмедім.Қазір жалаңбас әжелер көбейді. Қазір орамал туралы сөз бола қалса «діннің фанаты, ваxабист салафит» деп үрке қарайтын болдық. Орамалды тек қана мұсылмандар емес, барлық ұлттың әйелдері тағады ғой, – депті Айнұр Тұрсынбаева.

Осылайша айтыскер ақын қыз-келіншектерге орамалды насихаттап, тіпті психологтардың кеңесін де айтудың маңызы зор екенін алға тартты. Тіпті, ол орамал тақпай, шашты көрсетіп жүру денсаулыққа да зиян екенін жасырмады ақын.

– Псиxологияда көз тиіп ауыра беретін қыздарға орамал тағып жүру керектігі айтады. Шаш үлкен магниттік күшке ие! Сөз бен көзден келетін жамандық алдымен шашқа жабысады. Мысалы жаназада қызмет еткен әйелдер жалаңбас жүрсе шашын бірнеше қайтара жуу керек. Тіпті, кей кездері басың ауырып қоймаса салқындау сумен жуып жіберсеңіз сап тыйылады, себебі жаман көз бен сөз шаш арқылы басқа ауыр тиеді, – дейді айтыскер ақын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар