Петропавлда бес баланың анасы бірнеше жыл бойы күйеуінің зорлық-зомбылығына ұшырап келген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанының туысы NeMolchiKZ еріктілерінен көмек сұрап, қазіргі уақытта отбасының ең кіші баласы туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін хабарлаған.
«Әйел көп жылдар бойы күйеуінің зорлық-зомбылығына ұшырап келген, соның салдарынан қазір жүре алмайды, оның аяқтары істемей қалған. Туыстары ең кіші бала туралы ешқандай ақпарат жоқ болғанына алаңдаулы — ол сәбиді көрсетпейді, қайда екенін де айтпайды. TikTok-та оның қыздарымен бірге түскен, өте қорқынышты видеолары көп, ондағы түрінен-ақ ақыл-есінің дұрыс еместігі байқалады! Біз оны дереу қамауға алып, сотқа дейін босатпауға шақырамыз, себебі ол өз отбасына қауіпті. Сондай-ақ оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз. Иә, біз білеміз, әйел одан өлердей қорқып, әр жолы арыз жазудан бас тартқан, бірақ дәрігерлер бәрін біледі ғой, өйткені оның жағдайы көзге анық көрініп тұр», – делінген қор хабарламасында.
«Күйеуі әйеліне ауыр жарақаттар салған: ол әйелдік ағзаларына ота жасатқан, кейін бас сүйегіне трепанация жасалды. Бірақ бұл да күйеуін тоқтатпаған – ол әйелін басынан ұра беріпті, соның салдарынан әйел есінен танып, талып қала берген. Ақыры бір күні оның аяқтары істемей қалған. Балалар өз беттерінше өмір сүруге мәжбүр, әкелері еш жерде жұмыс істемейді, балалардың анасына тиесілі жәрдемақы картасын тартып алған», – деп хабарлады еріктілер.
