Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қызық жайт болды. Қала әкімі тұрғыннан сыйлық алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы тұрғыны әкімге қалада шешілген мәселелер үшін алғыс айтыпты.
"Бірінші кезекте электр энергиясын есепке алу аспаптарының 141-ден 115 мыңға дейін төмендегені үшін алғысымды білдіргім келеді. Қыркүйекте 90 миллион теңгеден аса қаражат үнемделді. Сіз автобус жолағын жасадыңыз, сізге осы мәселені айтып жүгінгенмін, ол үшін де рақмет. Ақжар және Шұғыла шағынаудандарының тұрғындарының атынан көшелер созылғаны үшін ерекше рақмет. Сондай-ақ, бұл ауданда орталық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі болады. Әрбір мәселеде сіз қызығушылық таныттыңыз", - деді алматылық.
Осылайша риза тұрғын Досаевқа оның суреті мен қалада шешілген проблемалар бейнеленген сурет берді. Ал риза шенеунік сыйлықты алып, әйеліне апарып беретінін жеткізді.
"Мені Антикор алып кетсе ше?! Үйге алып кетемін. Сыйлық үшін рақмет, әйеліме апарып беремін", - деп күлді Досаев.