Әйел магиясы

Dalanews 17 қыр. 2015 08:41 984

Әрбір әйел айналасынан өзі қалайтын әлемді жасай алады. Айналаңнан үйлесімділік пен жанға жайлылық жасай білудің түп-тамыры – өзіңнен және өмірден ләззат алу. Бақыт пен рақатты сезінген әйел оны өзгелерге де жасап, жүрегіндегі сезімді еселеп, әлемге таратып отырады.

Әйел өз сиқырын өмірдің барлық өрісіне қолдана алады.

Үй жинай жүріп, тамақ пісіріп, өзін жасандырған сәттерде әйел тылсым күшке ие. Оның көңіл екпіні ғана бұл сиқырдың қандай нәтижемен  тәмамдалатынын біледі. Мәселен, ол жасаған тамақ жай ғана энергетикалық азық немесе сиқырлы дәм бола алады, яки у болып кетуі де ғажап емес. Әйелдің қолындағы дүниенің бәрі мазмұнға толады.

Әйел дүниенің төрт стихиясын өзінің болмысына бағындырған. Соған сай түрлі тұрғыда дами алады.

От стихиясы – әйел-ләззат беруші.

Су стихиясы – бейкүнә қыз.

Ауа стихиясы – патшайым.

Жер стихиясы – бәйбіше.

12009660_1639029369705345_3923683309082577846_nЖермен тығыз байланысы әйели сиқырмен толысуға жол ашады. Қазіргі қоғамда бәйбіше атану бар болғаны ыдыс жуушы, үй жинаушы сияқты таяз оймен байланысты болып тұрады. Бірақ бәйбіше одан зор ұғым. Бәйбіше атану – сиқырлы әлемге қадам басу. Сиқыршы атану секілді. Славян аңыздарында бәйбіше атанған әйел балтадан ас пісіріп, еріне кестемен жебе өтпейтін жейде тігіп беретін сиқыршы мәртебесін иеленген. Кез келген жарақатты бір сипап жаза алатын алапат күшке ие. Бір көзқараспен жүректі жаулай алатын ғажап сұлулық иесі болған. Мұндай әйел өзінің қалауымен келешегін қалап шығарады. Ол өз айналасына тыныштық пен үйлесімділік сыйлайды.
Мәселе адамды бағындыру мен қара дұға оқыту турасында емес. Мақсат өзгенің меніне қара пиғылмен қара дақ түсіру емес. Бұл әңгіме мүлде басқа сиқыр туралы. Әйелдің күш-қуаты мен әйелдің мәнді ұғымның бәрін толыққанды мазмұнмен толтыра білетін тілегі туралы. Айналасына махаббат пен бақыт сыйлай алатын қабілеті хақында.

Ең бастысы – бұл қасиет барлық әйелге тән. Бірақ мұндай қуаты барын бәрі дерлік сезіне бермейді. Тек түйсікпен кей-кейде қолданып қалады. Тамақ пісіруді әр әйел үйренеді. Бірақ ешкім бізге ер адамды есінен тандырарлық сыйқырлы тамақ пісіруге үйретпеген. Үтіктің не екенін білеміз. Бірақ ешкім сүйіктіңнің жейдесін үтіктегенде оған сиқыр дарытып, кез келген келіссөзден жеңімпаз болып шығатындай етуін үйретпеген.

Мәселе адамды бағындыру мен қара дұға оқыту турасында емес. Мақсат өзгенің меніне қара пиғылмен қара дақ түсіру емес. Бұл әңгіме мүлде басқа сиқыр туралы. Әйелдің күш-қуаты мен әйелдің мәнді ұғымның бәрін толыққанды мазмұнмен толтыра білетін тілегі туралы. Айналасына махаббат пен бақыт сыйлай алатын қабілеті хақында.

 

Тәжірибеде

– Өзіңнің әйели қуатыңды сезін. Оның қайнар көзі тәннің қай бөлігінде орналасқанын анықта. Сол табиғи күштің еркін болуын қадағалаңыз.

– Өзіңіз бір нәрсе істегенде: үй жинағанда, тамақ пісіргенде, т.б; соның барлығын шын ниетпен жасаңыз, үй жинасам үйім бақытқа толады деп сеніңіз, таза үй қуаныш пен көңілге дауа сыйлайтынын ұмытпаңыз. Үйіңізді тыныштықпен, бақытпен, махаббатпен толтырыңыз.

– Тамақ пісіргенде құпия ас даярлайтындай болыңыз. Әрбір азықты өзгеше қасиетке немесе ерекше ниетке бөлеңіз. Кеңістікке өзіңіз ғана сезетін керемет сезімдерді жіберіңіз. Басты азықтың құрамына өзіңіздің махаббатыңызды араластырыңыз. Әйелдің ыстық ықыласын дәмдеуіш етіңіз. Шын ықыласпен жасалған тағамнан артық ас жер бетінде болмайтынына сеніңіз.

– Үй жинағанда – болмысыңыздағы барлық жаман қылық пен жағымсыз ойды қоса тазалап жуып, шайып жіберіңіз. Сонда үйіңіз таза, көңіліңіз жайма-шуақ, жарқын болады. Үйіңіз махаббатқа толады.

– Күйеуіңіздің жейдесін үтіктегенде оның күш-қуатын сезініңіз. Оның азаматтық болмысының алдындағы өзіңіздің нәзіктігіңізді сезініңіз. Оның жейдесін махаббатпен үтіктеңіз. Сол махаббат оны барлық кедергілерден сақтайтын қорған болмақ. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.

– Өз махаббатыңызды сылап-сипау арқылы жеткізіп үйреніңіз. Махаббатты сезініңіз. Ең оңайы балаға деген сүйіспеншілікті байқап, тексеріп көруге болады. Нәрестені алдыға алып, оны сылап-сипалау арқылы беймазалығын басуға болатынына көз жеткізесіз. Бұл ғажайып екенін өзіңізде мойындарсыз. Алақанның жылуы кез келген жан жарасын жазып, түрлі үрейді жеңеді. Адамға тыныштық береді.

– Әйел тіл табысқыш, бейбітсүйгіш жан. Ол кез келген кикілжіңді жоя алады. Әлемнің төрт бұрышына өзіңіздің әйелдік нәзіктігіңізді босатып жіберіңіз. Ішіңізден: «барлық тіршілік иесі бейбітсүйгіш, бәрі сабырлы» деңіз. Сонда айналаңыз үйлесім мен тыныштыққа малынады. Сіз әлемге тыныштық сыйладыңыз.

Аударған Шынар Әбілдә


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар