Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды

Көркем Алдабергенова 01 жел. 2025 10:08

Министр Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999–2002 жылдары - Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002–2004 жылдары - Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылы - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004–2005 жылдары - Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005–2006 жылдары - Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006–2008 жылдары - Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008–2010 жылдары - Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010–2014 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014–2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019–2020 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020–2022 жылдары - ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022–2023 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар