Айбек Дәдебай АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Сағыныш Сардарова 06 қаз. 2024 11:42 1148

Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айбек Дәдебай Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

Бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.

Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар