Аязға байланысты Елорданың 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті

Dalanews 10 желт. 2023 12:42 391

Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылдың 11 желтоқсаны күні екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астанада 11 желтоқсан күні ауа температурасы -28-30 градусқа дейін суытады деп болжам жасады. Күндіз желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары жарақаттану мен үсіп қалу секілді қиын жағдайларға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауы және көшеде ұзақ уақыт болмауы қажет.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар