Кеңес заманында елімізде көптеген әскери-патриоттық ұйымдар жұмыс істеген еді. Кейіннен оның бәрі жабылып қалғаны жасырын емес.
Аягөздік өрендер сол ескі дәстүрді жаңғартып, әскери-патриоттық клуб құрып, жас жеткіншектерді отаншылдық сезімге баулып келеді.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының құрамына жаңа мүшелерді қабылдау шарасына аудандағы ауған соғысы ардагерлері, оқу бөлімінің қызметкерлері мен әскерилер қатысты. Салтанатты шарада клуб белсенділері қатарларына қабылданған 25 оқушыға клубтың мүшесі екенін айғақтайтын кәулікті табыстап, олардан ант қабылдады.
Ант беру рәсімінде жас сарбаздар Қазақстан Республикасы Конститутциясын сақтауға, Отанымызды қорғауға ант берді. Осылайша «Жас сарбаздың» жаңа құраммен толықұанына куә болдық.
Жиынға қатысушылар жас жеткіншектердің осындай клуб, үйірмелердің жұмысына белсене қатысуы олардың болашақта өз Отанын сүйетін патриот азамат болып қалыптасуына жол ашатынын алға тартып, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмысына сәттілік тіледі.