Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды

Сағыныш Сардарова 28 қаз. 2024 10:37 1677

Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды. "Талибан" қозғалысы әйелдерге қоғамдық орындарда басқа әйелдермен сөйлесуге тыйым салды, - деп хабарлайды Dalanews.kz әлемдік БАҚ-қа сілтеп.

Деректерге сүйенсек, Талибан ізгілікті насихаттайтын, жамандықты жоятын бірқатар заң қабылдаған.

"Бұл заңға сәйкес әйелдің көпшілік алдында шыққан дауысы "жамандық" саналады", - деп жазылған деректерде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл шектеулерді айыптаған.

2021 жылы тамызда Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамның еріп жүруінсіз саяхаттауға және көпшілік алдында сөйлеуге, әсіресе, ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған болатын.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға да болмайды. Сұлулық салондарына да бара алмайды. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы заң да күшін жойған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар