Әуелі өндірісті дамытып, содан кейін салықты көтеру керек - экономист

Дінасыл Хамит 27 жел. 2025 16:55

Экономист Айдархан Құсайынов салықты көтермес бұрын отандық өндірісті күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Сарапшы BES.Media тілшісінің сұрағына жауап берген. Салық реформасы қазіргі таңда дұрыс бағытта жүзеге асырылып отырған жоқ. Ең алдымен импорттық тауарлардың бағасын арттыру қажет, бұл өз кезегінде отандық өндірістің дамуына қуатты серпін берері сөзсіз. Экономика нақты жұмыс істей бастаған кезде ғана кірістер өсіп, мемлекеттік қазынаға түсетін түсімдер көбейеді. Тек осыдан кейін барып салық мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру орынды болмақ.

Осы пікірді экономист Айдархан Құсайынов айтты. Оның айтуынша, салықты көтеру қажеттілігі бар екені рас, алайда қазіргі кезең бұл қадамға әлі дайын емес. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы салықтық жүктеме шын мәнінде жоғары емес екенін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар