Аудандық білім бөлімінің есепшісі бюджеттің 34 млн теңгесін "жеп қойған"

Сағыныш Сардарова 05 ақп. 2024 09:18 5541


Жетісу облысында бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Облыстық прокуратура мәліметінше, Кербұлақ ауданының білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысын заңсыз жоғарылатумен қатар, бұл ұйымда мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға төлеу арқылы 34 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.


Ал Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитариялық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден аса ақша төлеген.



"Осы деректер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ерекше ірі көлемдегі жымқыру ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар