Баяндама барысында биыл атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарға тоқталды. Он айда аудандығы қылмыс деңгейі төмендеген. Жалпы 447 қылмыс тіркеліп, былтырғымен салыстырғанда 7,6 пайызға кеміген. Қылмыстың ашылу деңгейі жоғарылаған. Денеге жарақат салу, қарақшылық, зорлау, алаяқтық қылмыстары 100 пайыз ашылған.
Есепті жиналыс барысында облыстық полиция департаменті жедел жоспарлау басқармасының басшысы Әбдуәлі Тәжиев облыстағы құқық бұзушылық көрсеткіштері жөнінде сөз қозғады.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтың дені мал ұрлығына қатысты болды. Бауыржан Сапарұлы барымташылардың малды көбіне жайылымнан айдап кететінін айтып, ордабасылықтарды төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырды.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаев аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жетілдіру барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектері назарға алынуы қажеттігін тілге тиек етті, сондай-ақ, тұрғындардың да қауіпсіздікті сақтау жауапкершілігін ұмытпағаны жөн екенін айта келе, жиынды қорытындылады.
Dalanews.kz