Шара басында аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов мереке иелерін құттықтап бір қатар мемлекет қызметкерлерін және құқық қорғау органының қызметкерлерін облыс, аудан әкімдігі тарапынан марапаттады.
Сонымен қатар Райымбек АПБ-нің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Нұрдаулетов өз кезегінде барша мереке иелеріне ақ жарма тілегін білдіріп, зейнетке шыққан сала қызметкерлеріне сый-сияпаттар тарту етті.
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін. Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектері ерен.
Шара аудан көркемөнерпаздарының көз тартар тамаша концертімен жалғасын тапты.
Осы айтулы мереке иелерін тағы бір мәрте шын жүректен құттықтаймыз!