Ауа райы болжамы: Бүгін бірнеше өңірде жел күшейіп, тұман түседі

Қаракөз Амантай 22 қаз. 2025 07:30

«Қазгидромет» 22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің бірқатар аймағында күн бұлттанып, жаңбыр жауып, тұман түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оралда тұман түседі.

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді, сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай мен Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, жел күшейеді.

Атырау қаласында және Атырау мен Абай облыстарында тұман болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау, Жезқазған және Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар