Атырауда ұлын алты жерден пышақтаған әке бостандыққа шықты

Атырауда ұлын алты жерден пышақтаған әке бостандыққа шықты
Фото: ЖИ

Атырау қаласының соты отбасылық жанжал кезінде өз ұлын бірнеше жерінен пышақтап жаралаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот шешімімен ол бас бостандығынан айырылған жоқ, деп хабарлайды dalanews.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, жанжал кезінде әке ұлына асүй пышағымен алты рет соққы жасаған. Салдарынан жәбірленуші ауыр дене жарақатын алған. Айыпталушы сотта кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.
Сот отырысында жәбірленуші әкесіне ешқандай талабы жоқ екенін, онымен татуласқанын және оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

"Әкеммен татуластым. Оған қоятын талабым жоқ. Оны түрмеге қамауды сұрамаймын", - деді жәбірленуші сотта.

Сот айыпталушының кінәсін мойындауы, жәбірленушімен татуласуы және басқа да жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оған шартты жаза тағайындады. Осылайша, ер адам колонияға жіберілген жоқ.