Freedom Inside '26

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы 100 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы 100 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Azh.kz

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуов 100 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті қаржы Атырау қаласының кәріз желілерін күрделі жөндеу жобасына өзгерістер енгізуге мүдделі компаниядан берілген. Ақша осы нысанда мердігер ұйымға қосалқы мердігер ретінде жұмыс істеген делдал арқылы жеткізілген деген болжам бар.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс бойынша су шаруашылығы саласында жұмыс істейтін ірі компаниялардың бірі – «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС басшылығы да тергеліп жатыр. Дереккөздің мәліметінше, компания өткен жылы бюджетке 2,5 млрд теңгеден астам салық төлеген.

Михаил Козачковтың жазуынша, тергеуді Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.