Атырауда «Төмер» түрік тілін оқыту орталығы ашылды

Dalanews 19 қыр. 2023 12:03 1058

Бүгін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Түркия республикасының беделді оқу орны Ержиес университеті арасындағы екі жақты келісім аясында «Төмер: түрік тілін оқыту» орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, сәттілік тіледі.

– Мұнайлы астанадағы түрік тілін оқыту орталығы атыраулық жастардың тілді жетік меңгеріп, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарынан білім алуына қызмет етеді деген сенімдемін. Хәлел Досмұхамедовтың есімін иеленген оқу орны мен Түркияның Ержиес университеті арасындағы байланыс алдағы уақытта  қазақ-түрік қатынасын нығайтып, ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуде, ғылым мен білім саласын көркейтуге айырықша ықпал етеді деген үміттемін, – деп атап өтті министр С. Нұрбек.

Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы консулы Сабри Альптекин және Ержиес университетінің «ERU Tömer» орталығының директоры Тургут Кочоглу және университет ректоры Саламат Идрисов, ғалымдар мен студенттер қатысты.



Бұл Қазақстандағы түрік тілін оқытып, тілді меңгеру деңгейін анықтайтын сертификаты халықаралық дәрежеде жарамды алғашқы орталық. Оның сертификаты «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы мен «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысып Түркия университеттерінен оқуға мүмкіндік береді. Орталық атыраулықтарға оффлайн, өзге аймақтан қатысатын азаматтарға онлайн  форматта түрік тілін оқуға мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар