Freedom Inside '26

Атырауда тағы бір адам жоғалып кетті

Атырауда тағы бір адам жоғалып кетті
Atyrau Oil

Атырау қаласында ем алу үшін келген 59 жастағы Талғат Назаров үш күннен бері табылмай жатыр. Ол ауылдан қалаға келіп, ауруханаға бет алғанымен, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Бұл туралы жергілікті Instagram парақша мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Туыстарының айтуынша, ер адам қаланы жақсы білмейді және эпилепсия дертіне шалдыққан, сондықтан адасып кетуі мүмкін.

Кеше Жайық өзені аумағынан оның ұялы телефоны мен бас киімі табылған. Алайда өзінен әлі хабар жоқ.

Отбасы іздеу жұмыстарына қосымша күш қажет екенін айтып, қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға хабарлауға шақырды.