Атырауда мектепте жанжал: оқушы қыз пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Самал Асқар 13 нау. 2026 20:21

Атырауда BINOM мектептерінің бірінде болған жанжал салдарынан оқушы қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Dala News.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала өткір затпен, болжам бойынша пышақпен жарақат алған. Оқиға сыныптастар арасындағы жанжалдан кейін болғаны айтылып отыр.

Зардап шеккен оқушы жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның ауыр жарақат алғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталуда. Полициядан ресми түсініктеме күтілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove