Атырауда белгісіз біреу мұғалімнен 80 млн теңге талап етіп, мектепті жарып жіберетінін айтқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 6 ақпанда сағат 11:30-да болған. Атыраудағы №3 мектепте тарих пәнінен беретін мұғалім 80 миллион теңге аудару туралы хат алған. Егер ақша жібермесе хат жіберген адам мектепті 14:00-де жарып жіберетінін айтқан.
Мұғалім бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келді. Жарылыс туралы ақпарат расталмады.
"Бұл жағдай білім басқармасы мен полицияның бақылауында. Оқу процесі қалыпты режимде жүріп жатыр", дейді ведомство өкілдері.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.