Freedom Inside '26

Атырауда балабақша тәрбиешісі ерекше баланы соққыға жыққан (видео)

Атырауда балабақша тәрбиешісі ерекше баланы соққыға жыққан (видео)

Атыраудағы балабақшалардың бірінде мекеме қызметкері ерекше балаға қол көтерген. Аталмыш оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін "Дара-Инклу" жекеменшік балабақшасында жайсыз жайттың беті ашылды.


Видеода  тәрбиеші бүлдіршінге екі алақанын көрсетіп, “10 бер” дейді. Бірақ бала тек бір алақанын көтерген сәтте тәрбиеші “Қарасайшы, қарағым-ау!” деп оның басынан ұрып жібереді.


Бұл оқиғадан кейін баланың ата-анасы қызметкердің үстінен арыз жазған. Осыған байланысты құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.


“Қалалық білім бөлімінің жанынан да қызметтік тексеріс ашылатын болады. Атырау қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға бөлім басшысының қатаң бақылауында”, - делінген хабарламада


Сонымен қатар тексеру қорытындысымен оқиғаға қатысты заң шеңберінде тәртіптік шара қарастырылатыны да айтылған.