Атырау облысының шекарасы өзгертілмек. Бұл туралы премьер-министрдің қаулы жобасында жазылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3 954 015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.
Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.
Түсіндірме жазбада облыстың шекарасын өзгерту мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайтыны нақтыланады.