Freedom Inside '26

Атырау облысында сегізінші оттегі станциясы іске қосылды

Атырау облысында сегізінші оттегі станциясы іске қосылды
Атырау облысындағы Индер аудандық ауруханасында оттегі станциясы іске қосылып, өңірдегі оттегі станциялар саны сегізге жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz  Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде өңірде 7 медициналық ұйымда орталықтандырылған оттегі станциясы жұмыс істейді. Олар – облыстық перинаталдық орталық, облыстық кардиологиялық орталық, облыстық аурухана, Атырау қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 облыстық аурухана, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында орналастырылған.


Бұдан бөлек, ағымдағы жылы тағы бір медициналық ұйымда – Құлсары қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында оттегі станциясын орнату жоспарлануда.